A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 11:05 0

Өскеменде жөндеуді қажет ететін мектептер тізімі әзірленетін болды

Бүгін / Өскемен

Өскеменде білім беру ұйымдарының әрқайсысының жағдайы сараланып, жөндеу мен абаттандыруды қажет ететін нысандар тізімі жасалады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қала әкімі Алмат Ақышов кеше кешке №10 мектепке барып, білім ордасы аумағын аралады. Сапар барысында абаттандыруды қажет ететін учаскелердің жағдайымен танысты.
Атап айтқанда, мектеп ауласына асфальт төсеу, футбол алаңы мен қоршауын ретке келтіру қажет. Қала әкімдігі мәліметінше, бұл жұмыстарды 2027 жылы бастау жоспарланып отыр.
– Сонымен қатар қаладағы әр мектеп жағдайын тексеріп, жөндеу мен абаттандыруды қажет ететін жұмыстар тізімін жасаймыз. Соның негізінде оларды кезең-кезеңімен жүзеге асырамыз, – деді Алмат Ақышов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив