A+ A A-

talgatzhan 46 Бүгін, 12:30 0

Катонқарағай ұлттық паркінде 2 мыңнан астам елік мекендейді

Бүгін / Катонқарағай

Облыстағы Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 2 мыңнан астам елік бар. Бұл туралы парктің әлеуметтік желісінде жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Усть-Язовая орманшылығының инспекторлары қардан елік ізін байқап, бірнешеуін фотосуретке түсіріп алған.
Соңғы жүргізілген санақ нәтижесіне сәйкес, ұлттық парк аумағында 2 мыңнан астам елік мекендейтіні белгілі болды.
Ұлттық парк өкілдерінің айтуынша, бұл көрсеткіш инспекторлардың күнделікті еңбегінің нәтижесі. Олар аумақты тұрақты аралап, жабайы жануарларды бақылап, санақ жүргізеді. Сондай-ақ браконьерліктің алдын алу жұмыстарын атқарады. Мұның бәрі жануарлардың табиғи ортада қауіпсіз тіршілік етуіне мүмкіндік береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив