A+ A A-

talgatzhan 44 Бүгін, 15:15 0

ШҚО-да демалыс күндері қар жауып, көктайғақ болады

Бүгін / Басты / ШҚО

«Қазгидромет» синоптиктері мәліметінше, түнде облыстың солтүстік, шығыс және таулы аудандарында қар мен көктайғақ болады деп күтілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Күндіз қарлы боран мен көктайғақ болады.

Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігі мен шығысында тұман болуы ықтимал. Күндіз солтүстік пен шығыста жел екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді деп күтілуде.

Өскеменде түнде және таңертең қар мен көктайғақ болады.

Мамандар көліктері қыс мезгіліне жарамсыз жүргізушілерге елдімекендерден тыс жерде жүрмеуге кеңес береді. Сондай-ақ ұзақ сапарларға шығар алдында сүйреу арқанын, қосымша жанармай, күрек, жарықшам, алғашқы медициналық көмек жинағын, жылы киім мен тамақ алуды ұсынады.

Тайғақ жолдарда жылдамдық шегін асырмай, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажет.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив