4 қараша күні сағат 14.00-де «Отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық» ақпараттық-практикалық модулі аясында кездесу ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Жанұя» отбасын қолдау орталығы мәліметінше, кездесуде отбасын жоспарлау мен репродуктивті денсаулықты сақтаудың, жауапкершілігі мол ата-ана болудың және отбасылық денсаулыққа қатысты шешімдер қабылдаудың маңыздылығы туралы ақпарат ұсынылады. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын да қоя алады.
Баяндамашылар қатарында Өскемен жоғары медициналық колледжінің оқытушысы, білім беру саласының сарапшысы, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мейірбикелік іс жөніндегі үйлестірушісі Жанар Әбілмәжінова және облыстың бас репродуктивті маманы, әйелдер денсаулығы бөлімінің басшысы және босануға дейінгі күтім жөніндегі үйлестіруші Надира Слямханова бар.
Жиын Сәтпаев даңғылы, 64 мекенжайында орналасқан «Жанұя» отбасын қолдау орталығында өтеді.
Пікірлер