"Қазгидромет" РМК облыстық филиалының ақпаратынша, 6 желтоқсан сағат 20:00-ден 7 желтоқсан сағат 20:00-ге дейін Өскемен мен Риддер қалаларында күтілетін қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Фотосурет: inbusiness.kz
Пікірлер