Жол-көлік оқиғалары санының артуына байланысты қаладағы полицейлер жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпаратқа сәйкес қаңтар айының басынан бері Өскеменде 560-тан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген.
- Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мұндай жағдайдың жиілегені байқалады. Олардың басым бөлігі көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуынан болып отыр, - дейді қалалық ППБ командирінің орынбасары Бейбіт Мұсаханов.
Айта кетейік, өңірде үш күн ішінде көлікті мас күйінде жүргізудің 24 фактісін анықталды. Тәртіп бұзушылардың кейбірі өз кінәсін мойындаса, енді бірі жауапкершіліктен қашуға тырысты. Ал жыл басынан бері облыста мыңнан астам мас жүргізуші анықталды.
Пікірлер