Облыс орталығындағы Панкратьев көшесінде ВАЗ 2115 маркалы көлігі отқа оранды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
2 шаршы метр аумақтағы өрт дереу сөндірілді. Қазіргі таңда оның шығу себебі анықталуда.
Осы тұста ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді. Сондай-ақ көлік салонында өрт сөндіргіштің болуы қажет.
Пікірлер