Аталған кәсіпорын күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қалада бір жарым күннен бері қар жауып жатыр. Тазалау жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде.
- Бірақ оның механикаландырылған бөлігі негізінен түнде жүргізіледі. Белгіленген тазалау мерзімдері сақталуда. Қоғамдық көліктер әдеттегідей жұмыс істеп тұр, жол-көлік оқиғаларының өсімі тіркелген жоқ, - делінген ақпаратта.
Қар тазалауға «Таза Өскемен» кәсіпорнының барлық қажетті ресурстары мен қаланың алыс аудандарына қызмет көрсететін қосымша мердігерлер жұмылдырылған.
Сондай-ақ дереу тазалауды қажет ететін аумақты тапсаңыз, 8-777-331-85-36 телефоны арқылы диспетчерлік қызметке хабарласа аласыз.
Пікірлер