A+ A A-

talgatzhan 36 9-12-2024, 12:20 0

Тарбағатай мен Ұлан аудандарында екі ірі кәсіпорын салынбақ

Бүгін / Тарбағатай / Ұлан

Облыс әкімі Ермек Көшербаевтың сөзінше, жұмыс тәмамдалса 1200-ге тарта жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мәлім болғандай, жуықта Маралды ауылындағы қуаттылығы жылына 250 мың тонна кен өндіретін зауыт жұмысын бастады. Алтын өндіретін зауыт «ВСАМ Продакшен» ЖШС-ға тиесілі. Облысқа қатысты жоспарлар тізімінде тағы екі ірі жобаны іске асыру жоспарланған. Олардың бірі - Тарбағатай ауданында мыс өндіру және қайта өңдеу бойынша тау-кен комбинатының құрылысы. Қуаттылығы жылына 25 млн тонна кен өндіретін комбинатқа 216 млрд теңге инвестиция құйылады, 1000 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Кәсіпорын өнімін Қытай мен Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорттау жоспарға енді. 
Осы сияқты тағы бір жоба Ұлан ауданында қолға алынбақ.
- Литий өндіріп, оны қайта өңдеу бойынша тау-кен комбинатының құрылысы жүргізіледі. Инвестиция көлемі - 235 млрд теңге, 120 жұмыс орны ашылуы мүмкін. Кәсіпорын өнімі алыс-жақын шет елдерге экспортталмақ, - деді аймақ әкімі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив