A+ A A-

talgatzhan 52 19-02-2025, 10:45 0

Тарбағатай ауданына оңтүстіктен көпбалалы отбасылар көшіп келді

Бүгін / Тарбағатай

Тарбағатай ауданындағы Қытаймен шекаралас жатқан Асусай ауылына Тараз және Шымкент қалаларынан екі көпбалалы отбасы көшіп келді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Асусай ауылында бірнеше отбасы қалаға көшіп, үйлері көптен бері бос тұрған еді. Сол ауылдағы Абзал Бұрғанбаев есімді мұғалім TikTok әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы ауылын таныстырып, нәтижесінде оңтүстік өңірлерден ауылға көшіп келуге ниеттенген талай адам хабарласқан. Солардың ішінен екі көпбалалы отбасы Тараз және Шымкент қалаларынан көшіп келді.
Ауылдың Серікбай, Абзал, Серіқазы сынды азаматтары және ауылдың алыс-жақында жүрген тумалалары қаржылай көмек көрсетіп, аталған отбасылардың шығысқа көшіп келуіне көмектескен. Отбасылардың бірі жергілікті Мансап орталығы арқылы барлық тиісті көмекті алды. Әр адам басына 70 АЕК (275 240 теңге) көлемінде көшіп келу шығыны төленіп, баспана берілді. Қазіргі уақытта көшіп келген екінші көпбалалы отбасының құжаттары рәсімделуде.
Аудандық мәслихат депутаты Жайлаухан Тұрабаев көпбалалы отбасылардың біріне 1 қой беріп, “Тарбағатай жомарт жандары” қорының” үйлестірушісі Әсел Мержақып 50 мың теңге қаржылай көмек ұйымдастырған.
Аудан әкімі Дархан Жөргекбаев пен аудандық мәслихат төрағасы Өмірхан Қанағатов Асусай ауылына барып отбасылардың жағдайымен танысып қайтты.

-Әкім өз тарапынан екі отбасыға қазан сыйлады. Оның да өзіндік мәні бар. Қазан – бұл тек тамақ пісіретін құрал емес, ата-бабаларымыздың өміріндегі мәдени құндылықты сақтаушы, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін бірегей мұра, - деді аудан әкімдігіндегілер.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив