A+ A A-

talgatzhan 27 24-09-2024, 12:00 0

Өскемен-Талдықорған тасжолы ақылы болмақ

Бүгін / Өскемен

ҚР Көлік министрлігінің ақпаратынша, Жетісу облысы арқылы өтетін жол бөлігінде негізгі жөндеу аяқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Аталған жолдың 314 шақырымындағы жұмыстар 2019 жылы басталған еді. Қазіргі таңда 32 шақырым бірінші, ал 282 шақырым екінші техникалық санатқа ауыстырылды.
 -Екі жолақтың ені тоғыз метрге дейін ұзартылды. Жол бойында 27 көпір салынып, 350-ден астам су өткізгіш құбыр, 1500-ден астам жарық бағаны орнатылды. Сондай-ақ мыңдаған метр қоршаулар қойылды. Қазір 2000 жол белгісі орнатылуда, - деді министрліктегілер. 
Жөндеуден кейін жол жүру уақыты алты сағаттан үш сағатқа дейін қысқармақ. Аталған бағыт жыл соңына дейін пайдалануға берілсе, 2025 жылдан бастап ақылы жолға айналады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив