23 қыркүйекте Абай даңғылында жеңіл көлік пен мопед соқтығысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Toyota маркалы автокөлігінің жүргізушісі солға бұрыларда мопедке жол бермеген. Соның салдарынан мопед жүргізушісі жарақат алды, - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Toyota жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Пікірлер