A+ A A-

talgatzhan 30 11-03-2025, 13:50 0

Шемонаиха ауданында полиция қызметкері ер адамға көмек көрсетті

Бүгін / Шемонаиха

Шемонаиха аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұрлан Тұрлыбеков қиын жағдайға тап болған азаматқа көмек көрсеткен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Патрульдеу барысында тәртіп сақшысы масаң күйде болуы мүмкін азаматты байқап, оны медициналық куәландыруға жеткізу туралы шешім қабылдаған. Алайда жолда ер адамның жағдайы күрт нашарлап, эпилепсия ұстамасы басталған.

Нұрлан Тұрлыбеков шұғыл түрде жедел жәрдем шақырып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Медицина қызметкерлері оны дер кезінде ауруханаға жеткізді. 

Қазіргі уақытта ер адамның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив