Қаладағы әлеуметтік нысандарды жылыту өткен аптада басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Төменгі сынып оқушыларының ата-аналары мектептердің іші суық екенін айтып жатыр. Олардың сөзінше, балалар жиі ауыратын болған.
- Мектептерге жылу беру үшін өтінім жіберілді. Барлығы кесте бойынша жүргізіледі. 30 қыркүйекке дейін барлық ұйымдарда жылу қосылмақ, - деді Өскемен қалалық білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагузова.
Айта кетейік, бүгін облыс орталығында жылыту маусымы басталады.
Пікірлер