Атом электр станциясы - қауіпсіз және экологиялық таза энергия көзі. 6 қазан күні республика көлемінде атом электр станциясының құрылысы туралы референдум өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Үлбі металлургия зауытының қызметкерлерімен кездескен халықтық штаб мүшелері АЭС маңызын түсіндіріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.
-Халықтың денсаулығын, өсімдіктер мен жануарларды қорғау мемлекет назарында. Сондықтан халықтың басым бөлігі АЭС салынуын қолдаса, Қазақстан осы салада озық технологияларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Оның ішінде III және III+ атом электр станциясының құрылысы бар. Басты ерекшелігі - белсенді және белсенді емес қауіпсіздік жүйелерін біріктіру. Олар ішкі және сыртқы қауіп кезінде атом электр станциясының жұмысын қамтамасыз етеді, - деді спикер Александр Светаш.
Пікірлер