A+ A A-

talgatzhan 20 20-03-2025, 10:25 0

Тарбағатай ауданында "Әжелер QUIZI" интеллектуалдық ойыны өтті

Бүгін / Тарбағатай

Наурыз мейрамы қарсаңында Тарбағатай ауданында дәстүрлі "Әжелер QUIZI" интеллектуалдық ойыны жоғары деңгейде ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ҚР даңқты ұстазы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қанипа Бітібаева атындағы ауыспалы кубогі үшін ұйымдастырылатын бұл сайыс ауданда 7-ші мәрте өтуде.

"Әжелер QUIZI" алғаш рет Қанипа Бітібаеваның туған жері Жетіарал ауылында бастау алған болатын. Бүгінде бұл ойын аудан әкімі Дархан Шомпайұлының қолдауымен және ауданымыздың өнер жанашырларының демеушілігімен жыл сайын дәстүрлі түрде өтуде. Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін бұл жоба қазіргі таңда республиканың түрлі өңірлерінің қызығушылығын оятып, кең көлемде танымал болуда.

Биылғы шара 19 наурыз күні ұйымдастырылып, жарыс барысында ақ кимешек киген әжелеріміз өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. 

"Әжелер QUIZI"-дің басты мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын жалғау, ата-баба салт-дәстүрін жаңғырту, сондай-ақ немере тәрбиесімен айналысып отырған әжелерімізге рухани демалыс сыйлау.

14 команда мен 150-ге жуық әжелер мен аталар қатысқан тартысты ойында Жетіарал ауылынан келген "Хан Апа" әжелер ансамблі бас жүлдені иеленді. 

Қатысушылар мен жеңімпаздарды аудан әкімінің орынбасары Марат Қызов, аудандық мәслихат төрағасы Өмірхан Қанағатов, облыстық мәслихат депутаты Болат Нұрпейісов арнайы құттықтап, бұл шараның маңыздылығын атап өтті.

"Әжелер QUIZI" ұлттық киімді, оның ішінде ақ кимешектің сан түрлі нұсқасын дәріптеумен қатар қазақ халқының бай мәдени мұрасын насихаттайтын ерекше шараға айналды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив