Оған маусымдық өзгерістер, тасымалдау шығындарының артуы және өндіріс көлемінің төмендеуі әсер етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ардақ Мадиевтің сөзінше, қырыққабат бағасының өсуі оны сақтау шығындарының көбеюімен және өнімнің табиғи кемуімен байланысты.
-Қанттың қымбаттауына бензин бағасының көтерілуіне себеп болды. Ал сиыр еті мал сою көлемінің төмендеп, ет өнімдері экспортының артуынан қымбаттады, - деді ол.
Бағаны тұрақтандыру мақсатында өңірде бірқатар шара қолға алынуда. Картоп бағасы күрт қымбаттаған тұста «Алтай» көтерме-үлестіру орталығына 175 тонна картоп сатып алынып, 245-260 теңге аралығында ұсынылды. Қазіргі таңда оның 75 тоннасы сатылымда. Сонымен қатар Өскемендегі ірі сауда желілерімен және дүкендермен келісім жасалып, картопқа қойылатын үстемеақы 15%-дан аспау керектігі белгіленді.
Көкөніс бағасын тұрақтандыру үшін облыстық бюджеттен 4,5 млрд теңге бөлінді. «Ертіс» ӘКК» АҚ 1,1 млрд теңге көлемінде несие бөліп, сауда желілері арқылы бағаларды реттеуге атсалысуда. Бүгінде әлеуметтік дүкендерде картоп – 130 теңге/кг, сәбіз бен қырыққабат – 120 теңге/кг бағасымен сатылуда.
Тексеру комиссиясының жұмысы барысында 86 заңбұзушылық анықталды, оның 82-сі расталды. Сауда үстемесін заңсыз көтергені үшін 49 кәсіпкерге іс қозғалып, 33 дүкенге баға көрсеткіштері болмағаны үшін айыппұл салынды.
Айта кетейік, биыл өңірде 160 жәрмеңке өткізіліп, жалпы құны 563,3 млн теңгенің өнімі сатылды.
Пікірлер