A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 11:25 0

Өскеменде Катонқарағай ауданының мәдени күндері өтеді

Бүгін / Катонқарағай / Руханият

Облыс орталығында “Туған жер — алтын бесігім” жобасы аясында Катонқарағай ауданының мәдени күндері ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

17 қазан сағат 17:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының фойесінде (Протозанов көшесі, 43) “Берел” мұражайының жәдігерлері мен жергілікті өнімдер көрмесі ұсынылады.

Сағат 18:00-де аудан өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары вокалдық, аспаптық және хореографиялық нөмірлерін паш етеді.

Ал 18 қазан күні сағат 08:00-де Жібек жолы, 44 мекенжайында орналасқан «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығының аумағында ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ мұнда ұлттық ойындар, қол күресі, арқан тарту, қой көтеру мен қымыз ішуден жарыс өтеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив