A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 17:15 0

Өскеменде биыл 22 тұрғын үйдің қасбеті жаңартылды

Бүгін / Өскемен

Қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің ақпаратынша, былтыр негізінен сары түстер таңдалса, биыл қызғылт реңктер таңдалған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жөндеу жұмыстары Назарбаев даңғылында орналасқан 19, 21, 23, 27, 29, 31, 33, 36, 38, 40, 42, 44, 46, 48, 22, 24, 26, 28 және М.Горький көшесіндегі 42-ші тұрғын үйде толық аяқталды. 
- Қабырғаларды, іргетасты, карнизді сылау, ґрунттау, ғимараттың қасбетін, іргетасты, терезе мен есік ойықтарын бояу, нөсер кәріздерін, кондиционер қорабын орнату, балконның алдыңғы бөлігін қаптау жұмыстары жүргізілді, – делінген ресми мәліметте.
Сондай-ақ Әуезов даңғылы 49, С.Нұрмағамбетов көшесі 52, 55 тұрғын үйдің де келбеті өзгерді. 
- Бұл тұрғын үйлердің қасбеті фиброцементті панельдермен қапталды, тас пен бетон беттеріне тегіс сылақ жүргізілді, үйдің ішкі бөлігі су эмульсиялы бояумен сырланды, терезе маңдайшалары мен тамшы ағызғыш құрылғылар орнатылды, кондиционерге арналған себеттер мен шамдар орнатылды, су ағызу құбырлары мен ПВХ витражды блоктары қойылды, - деді қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің өкілдері. 
Айта кетейік, ғимараттардың қасбетін жаңарту келесі жылы да жалғасады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив