Республика күніне орай Отбасылық үлгідегі балалар ауылында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті, ел мәдениеті мен тарихына деген құрмет сезімін қалыптастыру.
- Бүгінгі іс-шара балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың бойында мейірім мен отансүйгіштік сезімін арттырды, — дейді ШҚО Өнер музейі экскурсиялық, бұқаралық және музей педагогикасы секторының меңгерушісі Мөлдір Мұрат.
Мерекелік жиында Әнұран орындалып, викториналар мен ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Сондай-ақ жеңімпаздарға сыйлықтар табысталып, естелік суретке түсті.
Бұдан бөлек, концерттік бағдарламада «Жұлдыз» өнер мектебі балаларға ән мен биден шашу шашты. Әсіресе «Балбырауын» күйі мен «Қара торғай» әні жиналғандарға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Пікірлер