Тоқты
Апта ортасында өзгерістің бел ортасына түсіп, қай жаққа қадам жасаймын деп ойға батасыз. Бейне бір сынақ көпірінде тұрғанда әрі қарай қадам жасау керек пе, жоқ па
екендігін саралаңыз. Өзіңізге сенімділік танытып, қадамыңызға күмән келтірмеңіз.
Торпақ
Өзіңізге қажет қор мен рухани азықты қасықтап жинайсыз. Бұл да орынды әрекет, себебі көпшілік ортасында отырып таным көкжиегіңізді еркін байқатасыз. Дегенмен көп білемін деп сынға ұшырап жүрмеңіз.
Егіздер
Осыған дейін жеткен барлық жетістігіңізді кәсіби шеберлігіңіздің жемісі екендігін байқайсыз. Соған қарамастан Жұлдыздар сенімді қадам жасауды жалғастыруға шақырады. Ең негізісі – ізденісте болу.
Шаян
Алдағы бірқатар сәтсіздіктер күтіп тұр. Жолға шықсаңыз көлік сынып, бейсауат қимылдан киіміңіз жыртылып, жоспарыңыздың жоққа шығуы ғажап емес. Мұндайда қандай әуре-сарсаң күтіп тұрса да ашуға ерік бермеңіз.
Арыстан
Бір апта бойы атқарған ісіңіз бір айға жетерлік күш-қуатыңызды сарп еткендей. Апта басында күтпеген жерден мәселе туындап, шешімі тек сіздің қолыңызда ғана болмақ. Сол бағытта жасаған әр қадамыңыздың соңы бақытқа жетелейді.
Бикеш
Қазір оңаша қалғаныңыз жөн. Соңғы уақыттары жасаған қадамдарыңыздың дұрыс-бұрыстығын таразылап, шындыққа бойлауға мүмкіндік аласыз. Апта ортасында достарыңыз қоңырау шалуы мүмкін.
Таразы
Нақты не нәрсеге икеміңіз келетінін енді байқайсыз. Достарыңыз бір жақтан, әріптестеріңіз бір жақтан түрлі жағдайларда қалдырады. Ішкі түйсігіңіз шаршы топ алдында шебер сөйлеуге шақырады.
Сарышаян
Кез келген әрекетте абай болыңыз. Толағай табысқа жетіп жатқан Сарышаяндар үшін қазір әр қадамын екшеп басқан жөн. Қырын қарап, көреалмаушылық лебін сездірген бәз-біреулер әркез аяқтан шалуға ұмтылады.
Мерген
Алдағы күндеріңізге жоспарды оңай құрасыз. Алайда соны орындау біршама қиын болып, санаңыз сан-саққа кетеді. Жасаған әрекетіңіз сәтті шыққанымен, жан-жақтан түскен қоңыраулар ойыңызды бөліп жібереді.
Тауешкі
Соңғы уақытта туысқандарыңыз көмек сұрап, сейсенбі, сәрсенбі күндері хабарласып қалулары мүмкін. Көлігі бар Тауешкілер үшін жұмыс легі тіптен көбеймек: біреуді жеткізіп тастау, зат әкелу және тағы басқалары.
Суқұйғыш
Кітап көп оқып, өлең жазатындар үшін еркін тыныстап, демалуға қолайлы кезең. Сәл босаңсығанның өзінде тың тақырыпқа негіз тауып қалулары ғажап емес. Отбасылы Суқұйғыштарға табиғат аясына шығып қайтуға болады.
Балықтар
Апта қуанышты жаңалықтармен басталмақ: достарыңыз сіз дегенде елпек қағып, әріптестеріңіз мақтауыңызды асырады. Десе де жұмысқа келгенде бір сәт те босаңсымаңыз, басшылық сізді бақылауға алған.
Пікірлер