A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 13:35 0

Өскеменде «Ұлттық ономастика – ел айнасы» облыстық байқауы өтті

Бүгін / Өскемен

Сайысты Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығы аясында ШҚО Мәдениет басқармасы мен ШҚ Лингвистикалық орталығы ұйымдастырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын ілгерілету, ономастика саласындағы мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, елді мекендер мен жер-су атауларына деген құрмет сезімін қалыптастыру.
– Бүгінгі іс-шара арқылы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, жас мамандардың кәсіби әлеуетін арттыруға мүмкіндік береміз. Тіл – елдің рухани байлығы, ал ономастика – тарих пен мәдениеттің айнасы. Сол себепті мұндай байқаулардың тәрбиелік және танымдық маңызы зор. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін! Республика күні құтты болсын! – деді ШҚ Лингвистикалық орталығының директоры Әсемгүл Абзалова.
Байқау төрт кезеңнен тұрды: «Таныстыру» – командалардың таныстыруы, «Атаулар сыр шертеді» – өңірдегі тарихи және жаңадан өзгертілген атаулар туралы баяндау, «Жер-судың аты – тарихтың хаты» – белгілі жерлердің шығу тарихын анықтау, «Ономастика» – заңнамалық және викториналық сұрақтарға жауап беру.
Әр кезең қатысушылардың терең білімі мен зерттеушілік қабілетін, шығармашылық ойлауын бағалауға бағытталды.
Байқауға Тарбағатай, Зайсан, Марқакөл, Катонқарағай, Самар және Күршім аудандарынан ономастика саласында еңбек етіп жүрген тәжірибелі мамандар қатысты.
– Сайысқа Марқакөл ауданынан келдік. Жақсы дайындалып, барымызды салып жатырмыз. Бұл байқау – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға және өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін насихаттауға үлкен мүмкіндік. Тіл – ұлттың жаны, елдіктің айнасы. Осындай игі іс-шаралар еліміздегі бірлік пен татулықты нығайтады. Республика күні құтты болсын! – деді Марқакөл аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жасұлан Абылайханұлы.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар, алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табысталды.

Әдемі АМАНГЕЛДІ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив