Қала әкімдігі «Ер есімі — ел есінде» республикалық акциясын қолдайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қала тұрғындарына өз отбасының ерлікке толы тарихын — Ұлы Отан соғысына қатысқан аталары, әжелері мен туыстары туралы баяндауға мүмкіндік беріледі. Ол үшін көрсетілген сілтеме бойынша Telegram-ботқа (https://t.me/Eresimi_elesindebot) өтіп, қысқаша анкетаны толтыру қажет.
Анкетаға енгізілуі тиіс мәліметтер:
– Ардагердің аты-жөні;
– Туған жылы және қайтыс болған күні (бар болса);
– Туған жері;
– Қызмет еткен жері;
– Жақсы сападағы фотосуретті тіркеу.
Ардагерлер туралы ақпарат 5 мамырға дейін қабылданады.
Барлық жіберілген естеліктер Жеңіс күні қарсаңында әлеуметтік желілерде жарияланып, ерлеріміздің ерлігін ұрпақ жадында сақтау мақсатында кеңінен насихатталады.
Пікірлер