Осы сұрақты өңір басшысы Ермек Көшербав жуықта ШҚО Ауылшаруашылығы басқармасының басшысына қойды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазір Алтай ауданында дәнді дақылдардың 92 пайызы жиналды. Шемонаиха жақта да жұмыс бірқалыпты жүріп жатыр. Аталған аудандардың соя мен рапс егудегі мүмкіндіктері мен соны сауданы ілгерілетудің тетігі ретінде қарастыруларына мүмкіндіктері мол. Осының бәрін талқыға салған Ермек Көшербаев күзгі жиын-терім жағдайын соған жауапты адамдардан сұрады. Қазір біршама ауданда күнбағыс шабылып жатқанын ескерсек, оның бір келісі қаншадан болып жатқаны диқандарда шынымен де қызық.
– Күнбағыс бойынша нақты бағасы әлі бекітілген жоқ. Шамамен айтсақ, 140-180 теңге аралығында. Сояның бағасы 200 теңгеден басталады. Биыл соя 1300 гектарға, рапс 14,9 мың гектарға егілді. Соның ішінде, рапс бойынша Катонқарағай ауданының көрсеткіші жоғары. Олар 4,8 мың гектарды қамтыды, – деді Ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Қажыбекова.
Ермек Көшербаев күнбағыстан гөрі рапс пен соя өсіру тиімді екенін алға тартты. Бұған Шемонаиха ауданының әкімі Григорий Акулов та қызығушылық білдірді.
Пікірлер