Ұлан ауданындағы Алинов көшесінде жеке тұрғын үй отқа оранған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өрт сөндірушілер 110 шаршы метр аудандағы тілсіз жауды ауыздықтады. Жанып жатқан үйден құтқарушылар 3 газ баллонын сыртқа алып шықты.1975 жылы туған үй қожайыны медициналық мекемеге жүгінген.
Болжам бойынша өрттің шығу себебі - газ баллонын пайдалану ережелерін бұзудан.
Пікірлер