A+ A A-

admin 19 29-04-2025, 15:30 0

Тарбағатайлықтар 3 мың түп ағаш отырғызды

Бүгін / Тарбағатай

Тарбағатай ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акция аясында жалпы саны 3 000 түп ағаш көшеті отырғызылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Олардың қатарында 800 түп қайың, 800 түп терек, 500 түп алма, 200 түп қарағаш, 200 түп шие ағашы және 340 түп шырша ағаштары бар. 
- Бұл көшеттер Ақжар ауылынан Жаңалық елді мекеніне шығаберіс жолдың бойына және ауыл ішіндегі көшелерге, қоғамдық орындарға және тұрғын үйлер маңына отырғызылып, көгалдандыруға үлкен үлес қосты. Ағаш отырғызу шарасына  аудан көлеміндегі барлық мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері мен ауыл жастары қатысты, - деп хабарлады аудан әкімдігінен. 
Тал егу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив