2026 жылға дейін Күршім ауданы толығымен таза ауызсумен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Қазір Күршім ауылында 3000-ға жуық тұрғын үй бар. Тұрғын үйлерді 100% ауызсумен қамтамасыз етеміз. Жобаның толық аяқталу уақыты 2026 жылға жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны – 6 млрд 695 мың теңге, - деді Күршім ауданы Сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және көлік автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жанболат Жамелхан.
Қазіргі таңда мердігер компания ауыл бойынша 115 км труба тарту жұмыстарын жүргізуде.
- Қазір 4 насос станциясы жұмыс істейді. 2-кезеңде ауылға насос арқылы су жібереміз. Көлемі 500-ден болатын екі резервор болады. Әр үйге 25 тік труба мен су тартылады. Жұмыстар аяқталған соң әрбір үй өздері ауызсуды тартып ала алады, - деді «Integra Construction» компаниясының мердігері Мирас Бақытбек.
Су қолданысқа берілместен бұрын толық тазалықтаң өтеді.
- Суды түрлі фильтрден, бактерияларды анықтайтын құрылғыдан өтіп барып, қолданысқа береміз. Сондықтан 100% таза су болады деп кепілдік береміз. Жұмыс барлығы аяқталған соң біз 3 жыл кепілдік береміз, - деді Мирас Бақытбек.
Әдемі АМАНГЕЛДІ
Пікірлер