Күршім ауылында аудан орталығының ортасымен өтетін ауыр жүк көліктерінің қозғалысын шектеуге мүмкіндік беріп, жол-көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін айналма жол салынып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Жоба 2024 жылы басталып, облыстық бюджеттен 201 млн теңге қаражат бөлінді. Биыл тағы 9 млн теңге бөлініп отыр. Қазіргі уақытта қаражатты игеріп жатқан мердігер компания жол салу жұмыстарын жүргізуде, - дейді Күршім ауданы Сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және көлік автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жанболат Жамелхан.
Жолдың жалпы ұзындығы – 12 шақырым. Бөлім басшысының айтуынша, айналма жолдың құрылысы 2026 жылы аяқталады.
- Мердігер ұйым - «Терезе» ЖШС. Жоба қаражатқа байланысты 2026 жылы толығымен аяқталады деп жоспарлануда. Биыл 2 шақырымды аяқтау көзделіп отыр. Одан кейін төсеу жұмыстары жүргізіледі. Айналма жол жүк көліктерінің айналып өту мүмкіндігін ашып, жол қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі, - дейді Жанболат Жамелхан.
Пікірлер