A+ A A-

talgatzhan 22 27-05-2025, 11:30 0

Күршімде жылу беру жүйесін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

Бүгін / Күршім

Күршім ауылында орталықтандырылған жылу жүйесін жаңғырту бойынша белсенді жұмыстар атқарылып жатыр. Қазіргі уақытта бірінші және төртінші қазандықтарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

- Бүгінде 1, 4 қазандықтарға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде әкімдік, мектептер, базар мен коммерциялық нысандар толығымен жылу жүйесіне қосылады. Бірінші кезекте әкімшілік және әлеуметтік маңызы бар мекемелерге жылу беріледі. Кейін тұрғын үйлерге де жылу қосу кезең-кезеңімен жүзеге асады, - дейді Күршім ауданы Сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және көлік автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жанболат Жамелхан.

Жобаны толық аяқтау 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған. Аталған мерзімге дейін барлық жоспарланған тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар жылу жүйесіне қосылады деп күтілуде. 

- Күршім ауданында көмірдің бағасы – қыс мезгілінде бір тоннасы 32 000-нан 38 000 теңгеге дейін жететіндіктен, тұрғындар үшін орталықтандырылған жылу жүйесі – тиімді әрі қажет шешім болып отыр. Қазіргі таңда 60-қа жуық тұрғын үй, оның ішінде 9 көпқабатты үй жылумен қамтамасыз етілді. Бұл нысандар бұған дейін бірінші қазандыққа қосылған. Ал төртінші қазандық маңында орналасқан 18 үйді орталық жылуға қосу алдағы жоспарға енгізілген, - деді Жанболат Жамелхан.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив