A+ A A-

talgatzhan 39 1-06-2025, 21:20 0

Тарбағатай ауданында жаңа аллея ашылды

Бүгін / Тарбағатай

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақжар ауылындағы Қабанбай батыр саябағында жаңа аллея ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жаңа отбасылық демалыс аймағында балалар үшін қауіпсіз әрі заманауи ойын алаңдары, субұрқақ, жайлы орындар мен тынығуға арналған кеңістік бар.

Бұл – тек демалыс орны ғана емес, балғын шақтың шаттыққа толы сәттері мен ата-анамен бірге өткізілетін ұмытылмас уақыттың мекені болмақ.

Жаңа аллея – Ақжар ауылының көркін арттырып қана қоймай, бүлдіршіндердің денсаулығы мен бақытты балалық шағы үшін жасалған маңызды қадам.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив