A+ A A-

talgatzhan 32 Кеше, 10:30 0

ШҚО-дан Алакөлге дейін пойыздар мен автобустардың жүру уақыты қалай?

Бүгін / ШҚО / Пайдалы

Жаз мезгілі – саяжайға барып, суға түсіп, туыс-туғандарды аралауға таптырмас шақ. Осы кезеңде көп адам үшін ең ыңғайлы көлік түрі – пойыз, себебі ол жайлы әрі қолжетімді. Өңірімізде Риддер мен Алтай қалаларына қатынайтын қала маңындағы пойыздар бар. Бұл бағыттардың маңызы зор. Өйткені дәл осы бағыттар бойында көптеген саяжай орналасқан. Демалушылар мен саяжай тұрғындары көбіне осы пойыздарды пайдаланады. Сонымен қатар, жазда ерекше танымал бағыттардың бірі – Алакөл. Маусым айы басталысымен аталған бағытта пойыз және автобус қатынасы іске қосылады. Көл жағасында демалғысы келетіндер алдымен пойыздар мен автобустардың кестесін, билет бағасын сұрайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Алакөлге автобуспен жетуге болады

Автобус рейстері 10 маусымнан бастап іске қосылады. Күн сайын жүреді. Өскеменнен автобус Абай даңғылы, 8 мекенжайындағы автовокзалдан күн сайын сағат 19.30-да шығады. Алакөлден 18.30-да шығады.

Билет бағасы:

Ересектерге: 10 100 теңге;

Балаларға: 5 050 теңге.

Қосымша ақпарат алу үшін анықтама телефоны: 8-777-189-00-03

 

Билет бағасы қаншадан?

Өскемен-1-Жалаңашкөл жолаушылар пойызы 1 маусымнан жүре бастайды.
Өскемен-1 теміржол вокзалынан тақ сандар бойынша сағат 16.20-да жөнелтіледі. Жаланашкөл станциясына жұп сандар бойынша 9.43-де келеді. Пойыз 17 сағат 23 минут жүреді.
Оның құрамы алты вагоннан тұрады, ішінде екі купе және төрт плацкарт бар. Жолаушылар ағынына байланысты жаз ортасында құрамы көбеюі мүмкін.

Плацкарт вагонындағы ересек билеттің құны – 5 794 теңге, купеде – 8 591 теңге. Плацкарт вагонындағы:

балалар билеті – 3 494 теңге,

купеде – 4 893 теңге.

Анықтама телефоны: 1433.

 

Қала маңындағы пойыздар

Көктемгі-жазғы кезеңде қала маңындағы пойыздарға сұраныс артады. Өйткені көптеген шығысқазақстандық саяжайларына пойыз арқылы жетеді.

ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен "Solux Express" ЖШС арасында облысішілік теміржол жолаушылар тасымалдарына шарт жасалды. Ол екі негізгі бағыт: Өскемен-1 – Алтай – Өскемен-1 және Өскемен-1 – Риддер – Өскемен – 1. Бұл пойыздар жыл бойы жүреді, бірақ жазғы маусым басталған кезде кестесі өзгереді. Басқарма өкілдерінің хабарлауынша, 26 сәуірден бастап Өскемен-1 – Алтай – Өскемен – 1 пойызының қозғалыс кестесі өзгерді. Ал Өскемен-1 – Риддер – Өскемен-1 пойызының кестесі өзгеріссіз қалды.
Риддер мен Алтай бағытындағы қала маңындағы пойыздарда жол ақысы тек қолма-қол ақшамен төленеді. Себебі, таулы және кедір-бұдырлы жерлерге байланысты пойыздардың жүру учаскелерінде ұялы байланыс пен интернет барлық жерде бола бермейді.


Риддерге пойыз жүреді

Өскемен-1 – Риддер – Өскемен-1 қала маңындағы пойызы бұрынғы кесте бойынша — аптасына төрт рет жүреді. Ол облыс орталығынан шығып, сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері Риддерге келеді. Өскемен-1 станциясынан кету – 17.20-да, Риддерге келу – 20.50-де.
Пойыз келесі күні таңертең, яғни бейсенбі, сенбі, жексенбі және дүйсенбіде кері кетеді.

Пойыз кеншілер қаласынан сағат 6.30-да шығып, Өскемен-1 станциясына 9.40-та келеді.

Риддер бағытындағы вагондардың саны өзгеріссіз қалды – төртеу. Жолаушыларға арналған орындар саны – 310.

Жол жүру бағасы жолаушының жолдың қай бөлігіне өтуі керек екеніне байланысты. Бір станциядан екіншісіне дейінгі ең жоғары тариф 680 теңгені құрайды. Жеңілдіктер балалар мен барлық топтағы мүгедектерге арналған (жалпы тарифтің 50 пайызы).

Алтай ауданына барғыңыз келсе...

Өскемен-1 – Алтай – Өскемен-1 қала маңындағы пойызы 2025 жылғы 26 сәуір мен 29 қазан аралығында жазғы кесте бойынша жүреді.

Өскемен-1 станциясынан кету – сәрсенбі, сенбі және жексенбі күндері сағат 7.00-де, Алтай қаласына келу – 13.50-де. Осы күндері пойыз Алтай станциясынан сағат 14.50-де шығып,

Өскемен – 1 станциясына сағат 21.40-та жетеді. "Solux Express"ЖШС өкілдерінің хабарлауынша, жазғы кестеге көшу саяжай тұрғындары үшін қажет.

Сондай-ақ тасымалдаушы Алтай бағытында жолаушылар ағынына байланысты вагондар саны тағы көбейетінін айтты. Бұл вагондарға 486 жолаушы сыяды.

Жол жүру бағасы жолаушының жолдың қай бөлігіне өтуі керек екеніне байланысты.

Жеңілдіктер балалар мен барлық топтағы мүгедектерге арналған (жалпы тарифтің 50 пайызы).

 

Қала маңындағы Өскемен-1 – Риддер – Өскемен-1 пойыз кестесі



Өскемен-1 – Риддер

 

Риддер - Өскемен-1

 

Келуі

Кетуі

 

Келуі

Кетуі

-

17.20

Өскемен-1

09.40

-

17.45

17.47

Коршуново

09.12

09.15

19.08

19.13

Черемшанка

07.56

07.58

20.18

20.21

Тишинская

06.55

06.56

20.50

-

Риддер

-

06.30



Қала маңындағы Өскемен-1 – Алтай – Өскемен-1 пойызының кестесі

Өскемен-1 – Алтай

 

Алтай — Өскемен-1

 

Келуі

Кетуі

 

Келуі

Кетуі

-

7.00

Өскемен-1

21.40

-

07.18

7.28

Өскемен

21.10

21.20

07.37

7.39

Жаңа Өскемен

21.00

21.01

8.43

8.47

Ермаковка

19.46

19.50

10.00

10.05

Таусамалы (Огневка)

18.24

18.26

10.45

11.00

Күмістау (Серебрянск)

17.25

17.40

11.25

11.30

Көкжиек (Селезневка)

17.00

17.02

11.49

11.54

Бұқтырма

16.37

16.42

12.42

12.45

Заводинка

15.52

15.53

13.19

13.21

Тұрғысын

15.18

15.19

13.50

-

Алтай

-

14.50


Әдемі АМАНГЕЛДІ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив