A+ A A-

talgatzhan 80 13-06-2025, 12:15 0

Самал Ысқақова: “Әкемді ұмытпай, сөзін, мұрасын бағалап жатқан баршаңызға ризашылығым шексіз”

Бүгін / Катонқарағай

Халықаралық деңгейдегі ақындар бас қосқан ғылыми конференцияға әдебиет алыбы Қалихан Ысқақтың қызы Самал Ысқақова келді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Сахна төрінде әкенің абыройы мен руханияттағы орнын ардақ тұтқан жұртқа Самал ханым шынайы ризашылығын жеткізді.
- Бүгінгі шара тек мен үшін ғана емес, күллі ел үшін үлкен мәртебе деп білемін. Қасиетті Катонқарағай ауданында әкемнің құрметіне арнайы шығармашылық кеш ұйымдастырғандарыңыз үшін шексіз алғысымды білдіремін. Әкемді ұмытпай, сөзін, мұрасын бағалап жатқан баршаңызға мың алғыс. Сыйлап келгендеріңізге көп рақмет! — деді ол көзіне жас алып.
Жан тебірентер бұл сөздер жиналған жұртты бейжай қалдырмады. Қалихан шығармашылығын қадір тұтқан қауым мен ақын-жазушылардың жүрегінен орын алған сәт – нағыз рухани биікке көтерілген тұс еді.
 
Ұлжан СЕЙІТХАНОВА

Фотосурет: Еркежан ОРАЛҒАЗИНА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив