A+ A A-

talgatzhan 49 13-06-2025, 14:15 0

Катонқарағайда көркемсурет байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін / Катонқарағай

Катонқарағай топырағынан түлеп ұшқан көрнекті қаламгерлер — Қалихан Ысқақтың 90 жылдық, Дидахмет Әшімханұлының 75 жылдық мерейтойына орай үздік суретшілер бас қосқан байқау нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Шығармашылық сайыс аясында Қазақстанның әр түкпірінен келген суретшілер өз туындылары арқылы тау тұлғаларға деген құрметін паш етті. Байқау нәтижесі бойынша үздік деп танылған қатысушылар марапат төрінен көрінді.

“Катонқарағай ауданының тұрақты дамуы” қорының директоры Серік Жүнісов жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен сертификаттарды табыстады.

Қылқалам шеберлері арасындағы өнер сайысында Талғат Қисметов 3 орынға ие болды. Жүлделі 2 орынды Санжар Сырғабаев қанжығасына байласа, Әлішер Жүргенов 1 орынды иеленді. 

Сондай-ақ байқауға белсене қатысқан өзге де суретшілер түрлі номинациялар бойынша марапатталып, Алтайдай асқақ рухты ардақтаған еңбектері елеусіз қалмады.

 

Ұлжан СЕЙІТХАНОВА 

Фотосурет: Еркежан ОРАЛҒАЗИНА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив