A+ A A-

talgatzhan 36 13-06-2025, 15:10 0

Катонқарағай ауданындағы дүкендерге QR-кодтар қойылды

Бүгін / Катонқарағай

Катонқарағайда басталған «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалінде цифрландыруға да мән беріліп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Жан-жақтан келген меймандардың ыңғайлылығы үшін аудандағы барлық дүкенде QR-кодтар орнатылды. Яғни, сканерлеу арқылы туристік маршруттар, орналастыру орындары мен көрікті жерлер туралы ақпарат алуға болады.

Аудан әкімі орынбасарының айтуынша, бұл фестиваль - мазмұнды нағыз имидждік жоба. Ол Шығыс Қазақстанның бірегей туристік әлеуетіне назар аударуға, қазақстандық және шетелдік саяхатшылардың қызығушылығын арттыруға арналған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив