A+ A A-

talgatzhan 39 24-06-2025, 13:15 0

Тарбағатайда 150-ден астам жобаны іске асыруға 10 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді

Бүгін / Тарбағатай

Аудан басшылығы ақпаратынша, негізгі капиталға 3,4 млрд теңге инвестиция тартылып, жеке инвестиция үлесі арта түсті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Мәлім болғандай, ауданда инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік салаларды жандандыруға жіті мән беріліп жатыр.
– Нақты көрсеткіштерге тоқталсақ, өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,6 млрд теңгеден асып, 101% өсім тіркелді. Ауыл шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 5,1 млрд теңгеге жетіп, 137% өсім көрсетті. Құрылыс жұмыстары бойынша 2,5 млрд теңгеден астам қаражат игерілді. Негізгі капиталға 3,4 млрд теңге инвестиция тартылып, жеке инвестиция үлесі арта түсті, – делінген ақпаратта.
Ауданы әкімінің орынбасары Марат Қызовтың  сөзінше, қолға алынған жобалар саны да артып келеді.
– 2023-ші жылы 135 жобаға 6,6 млрд теңге бөлінсе, өткен жылы 121 жобаға 7,7 млрд теңге игерілген. Ал биыл 150-ден астам әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға 9,8 млрд теңге қарастырылған, – деді  Марат Ниғметоллаұлы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив