28 маусым күні аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов Тарбағатай аудандық ауруханасының қазіргі жай-күйімен танысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сапар барысында инфекциялық бөлімше, перзентхана және компьютерлік томография аппараты (КТА) көрсетілді. Медициналық қызмет сапасын арттыру мәселелері сөз болды.
- Аурухана 1976 жылы салынған. Бұл аудан халқына қызмет етіп отырған үлкен аурухана. Оған қарасты 19 кіші ауылдардағы медпункт, 7 дәрігерлік амбулатория бар. Барлығы медициналық қызметкерлермен қамтылған. Ауылды жерлерді модернизациялау бағдарламасы аясында 2022-2023 жылдары ауданда жаңадан 9 медициналық пункт бой көтерді. Одан бөлек 2 дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өтті. Қазір Тұғыл дәрігерлік амбулаториясында жөндеу жұмыстары басталып жатыр. Былтыр 450 млн теңгеге компьтерлік топография аппараты алынды. Осының барлығы жақсы қызмет көрсету үшін, - дейді Тарбағатай аудандық ауруханасының бас дәрігері Елжан Манарбек.
Жиын соңында Нұрымбет Сақтағанов аудандық ауруханаға жаңа жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстады.
Пікірлер