Тарбағатай ауданына сапары барысында ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Зайсан ауданы аумағындағы «Қызыл» шекара бөлімшесіне барып, нысанның материалдық-техникалық жабдықталуын көрді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл бөлімше Қазақстан мен Қытай арасындағы 23,4 шақырымдық мемлекеттік шекараны күзетеді. Бақылау үшін металл мұнаралар орнатылып, жазда автокөлікпен, қыста қарда жүретін техника және атты патрульмен жүретін жолдар жасақталған.
Әкім шекарашыларға үстел теннисі жабдығын сыйға тартты.
Пікірлер