A+ A A-

talgatzhan 5 29-06-2025, 12:00 0

Тарбағатай ауданында 90 орындық Оңалту орталығы ашылады

Бүгін / Тарбағатай

Шекара маңындағы аудандарда тұратын мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында Тарбағатай ауданында 90 орындық облыстық Оңалту орталығы ашылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Орталық Жетіарал ауылындағы бос тұрған мектеп ғимаратында орналаспақ. Жобалық-сметалық құжаттама дайын.

- Біздің ауылда барлығы жақсы. Мектеп салынған, жол жөнделген. Тек бір мәселе бар. Ол - осы қираған, ескі мектепті іске асыру. Бұл 9 жыл болды бос тұр. Осы Оңалту орталығын салса жақсы болар еді, - дейді ауыл ардагерлер кеңесінің төрағасы Дәуітбек Асанов.

Орталық «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен және «Baquatty aimaq qory» жобасы аясында қажетті құралдармен жабдықталып, мамандар дайындалады.

Айта кетейік, аймақта 3386 мүмкіндігі шектеулі адам тұрады, оның ішінде 291 бала – ерекше қажеттіліктері бар.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив