A+ A A-

talgatzhan 46 Бүгін, 16:22 0

Барақ батыр ауылына таза ауызсу тартылады

Бүгін / ШҚО / Күршім

Күршім ауданына қарасты Барақ батыр ауылы жыл соңына дейін таза ауызсумен қамтылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ауылға су тарту жұмыстары 2024 жылы жаз айында басталған.

- Қазіргі таңда су тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстың 85%-ы бітіп тұр, қалған 15%-ын тамыз айына дейін аяқтау жоспарланып отыр. 35 және 27 метрлік 2 насос орнатылды. Ауылдың оң жағында құбыр тарту жұмыстары бітті, енді сол жағы қалды, - дейді "СКБ Construction" компаниясының мердігері Тәуекел Сұңғат.

Сарыөлең ауылдық округінің әкімі Серік Ақсатовтың айтуынша, Барақ батыр ауылына ауызсу тартуға бюджеттен 742 млн теңге қаражат бөлінген.

- Бұл қаражатқа 10 шақырым су жүйесі тартылуы керек болған. Қазір оның 7 шақырымы ғана тартылды. Оны тамыз айына дейін аяқтаймыз. Мемлекет тарапынан осы "Ақбұлақ" атты бағдарлама басталғалы, халықты ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында біраз әрекеттер жасалып жатыр. Тамыз айында әр үйдің алдына құбырмен су келеді, оны үйге кіргізу әр отбасының өз жауапкершілігінде, - деді Серік Ақсатов.

Айта кету керек, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға жеңілдік жасалады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив