A+ A A-

talgatzhan 0 5-07-2025, 11:00 0

Күршім ауданындағы шұжық цехы 20-ға жуық өнім шығарады

Бүгін / Күршім

Күршім ауылындағы "Мойнақ" шағын шұжық цехы 2024 жылдан бастап жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Цехтың негізін қалаушы Раушан Рахимованың айтуынша, қазір цех ет өнімдерінің 20-ға жуық түрін өндіреді.

- 2024 жылдың тамыз айында мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге арналған грант ұтып алдым. Грант құны 1 млн 400 мың көлемінде. Содан кейін осы кәсіпті бастадым. Қазір салями, фин сервелаты, Краков, купаттар, докторлық, қайнатылған, тауық шұжықтары, сиыр еті, қара шұжық өндіреміз. Өнім түріне қарай бір келі үшін 6-7 мың теңгеден сатылады. Болашақта жартылай ет фабрикаттарын манты, тұшпара, котлеттер дайындауды бастау жоспарланып отыр, - деді ол.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив