A+ A A-

talgatzhan 30 4-10-2024, 11:51 0

ШҚО-да аңшы жабайы қабанды заңсыз атқан

Бүгін / ШҚО / ЖАҢАЛЫҚТАР

Сотта ер адам жануарды өзін қорғау мақсатында атқанын айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Алтай аудандық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, аңшының үйрек пен борсық аулауға рұқсаты болған. Бірақ ол жабайы қабанды заңсыз аулаған.
Ер адам өз кінәсін мойындамады. Айтуынша, жануар бұталардың арасынан шығып, тап бермекші болғанда қорғану үшін оқ атқан. Қабанның етін бөлшектеп, қапқа салып, өзімен алып кеткен.
Сот өз өмірін қорғау үшін жануарды атып өлтірді деген түсініктемесін негізсіз деп тапты. Бейнежазбада сотталушы мен тағы бір ер адамның жабайы қабандарды атыс қаруы мен иттерді пайдаланып, мақсатты түрде аулағаны көрінген.
Бұл әрекеті үшін ер адамнан мемлекетке 1 293 750 теңге өтемақы өндірілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив