2025 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша еліміздің көлік саласы 22,7%-ға өсті. Мұндай мәліметтерді Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев келтірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Саланың өсу динамикасына жүк тасымалының жалпы көлемінің артуы әсер етті. Бұл көрсеткіш 550,7 млн тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 10,9 %-ға жоғарлады. Оның ішінде автомобиль көлігімен жүк тасымалы 1,8 %-ға, теміржол көлігімен жүк тасымалы 12,4 %-ға және құбыр арқылы тасымалдар 18,2 %-ға артты. Жолаушылар тасымалы 10,5%-ға өсіп, 928 млн жолаушыны құрады.
Жүк тасымалы көлемінің өсуі экономиканың базалық секторының дамуы есебінен қамтамасыз етілді, атап айтқанда тау-кен металлургиясы, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, құрылыс және сауда салаларының есебінен өсті.
Пікірлер