Қыркүйек айындағы жағдай бойынша Қазақстандағы білім беру қызметінің құны салыстырмалы түрде 8,7%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның ішінде жоғары білім - 10,7%-ға, орта білім - 8,3%-ға, мектепке дейінгі білім беру - 6%-ға, білімнің басқа түрлерінің бағасы бірден 18,8%-ға артқан.
Өңірлер арасында Павлодар облысы көш бастап тұр. Мұнда білім алу үшін төленетін қаржы 15,3%-ға өскен. Екінші орында Түркістан (14,8%), үшінші орында Ақмола (12,7%) облыстары тұр. Ал Шығыс Қазақстанда бұл көрсеткіш 7,2 пайызды құрады.
Пікірлер