FIFA Arena бағдарламасында әлем бойынша 1000 мектеп алаңы салынады деп жоспарланған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbuisness.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан футбол федерациясы FIFA бастамасымен іске асырылатын FIFA Arena жобасына қатысатын 11 елдің қатарына енді. Жоба аясында еліміздегі мектептерде 100 заманауи шағын футбол алаңы салынады.
Әр алаңның көлемі 20 х 40 метрді құрайды және ФИФА-ның техникалық талаптарына толық сай болады. FIFA Arena әлем бойынша 1000 мектепке осындай инфрақұрылым орнатуды көздейді.
Алаңдарда экологиялық таза, резеңке ұнтақсыз жасанды жамылғы қолданылады. Бұл – балалар үшін қауіпсіз әрі күтіп-баптауға ыңғайлы шешім.
Мектептер тізімін ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекітеді. Құрылысты аяқтау мерзімі – екі жыл, алғашқы алаңдар Хромтау мен Көкшетауда пайдалануға беріледі.
Пікірлер