A+ A A-

talgatzhan 39 15-08-2025, 09:00 0

Тарбағатай ауданын биыл қандай өзгерістер күтіп тұр?

Бүгін / Тарбағатай

Аудан әкімдігі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, биыл 30 сәуірде Ақжар ауылының орталық стадионына қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Қайта жөндеу жұмыстарының нәтижесінде стадионның жүгіру жолақтары мен жасанды жасыл төсеніштері жаңартылып, көрерменге арналған трибуна толық жөнделді. Алдағы уақытта стадион аудандық жарыстар мен спорттық шараларды өткізуге мүмкіндік береді.

Биыл 1 Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақжар ауылындағы Қабанбай батыр саябағында жаңа аллея ашылды. Отбасылық демалыс алаңында балалар үшін қауіпсіз әрі заманауи ойын алаңдары, субұрқақ, орындықтар мен тынығуға арналған кеңістік бар.

Бұдан бөлек, биыл Ақжар ауылында салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына мониторинг жүргізілді. Жобаның құны – 911,205 млн теңге, ғимараттың жалпы ауданы – 1284 шаршы метр. Қазіргі уақытта құрылыс алаңында 19 адам мен 7 техника жұмыс істеуде. Мұнда 627,2 шаршы метр шағын футбол залы, 250,7 шаршы метр бокс және күрес залы және 90,7 шаршы метр жаттығу залы бар. Сонымен қатар жуынатын, киім ауыстыратын бөлмелер, дәрігер мен жаттықтырушыларға арналған кабинеттер, ойын алаңы мен спорт инфрақұрылымы қарастырылған.

Белгілі болғандай, биыл Ақжар ауылының Абай және Атаусыз көшелеріне 138 млн теңгеге 1,650 шақырым асфальт төселмек. Мердігер – «Өскемен Тазалық» компаниясы. Тиісті жұмыстар осы айда аяқталады деп жоспарланған.

Ал Жаңаауыл және Құйған ауылдарында «Күшті өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 2023 жылдан бері су құбыры жүйесін қайта жаңартылуда. Ауқымды инфрақұрылымдық жобаның жалпы құны Жаңаауыл ауылы бойынша 410,1 млн теңгені, Құйған ауылы бойынша 427,1 млн теңгені құрайды. Жобаны «Уеиверсалстроисервис» ЖШС мердігер ұйымы жүзеге асыруда. Өткен жылы өңірлік бюджеттен Жаңаауыл ауылына 42,2 млн теңге, Құйған ауылына 44 млн теңге қарастырылып, толық игерілді. Биыл республикалық бюджеттен Жаңаауыл ауылына тағы 178 млн теңге, Құйған ауылына 181,1 млн теңге бөлінді.


Қымбат МУХАМАДИЕВА

Фотосурет ашық дереккөзден

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив