Аудан әкімінің орынбасары Марат Ниғыметоллаұлының төралығымен Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына арналған кеңейтілген жиналыс өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жиынға статистика басқармасының басшысы, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі басшысы, ауылдық округ әкімдері мен ауыл шаруашылық мамандары қатысты.
- Жиналыс барысында санақты сапалы әрі уақтылы өткізуге қатысты бірқатар маңызды мәселе талқыланды. Әсіресе деректердің дұрыстығы мен толықтығы, ақпаратты жинау мен өңдеу барысындағы тәртіп, жауапты тұлғалардың міндеттері нақты атап өтілді, - делінген аудан әкімдігінің ақпаратында.
Күн тәртібінде өзекті сұрақтар талқыланып, оларды шешу бойынша ұсыныстар айтылды.
Жиын соңында аудан басшысының орынбасары Марат Ниғыметоллаұлы ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеп, жұмысты жандандыру қажеттігін ерекше атап өтті.
Пікірлер