A+ A A-

talgatzhan 31 12-08-2025, 15:20 0

Тарбағатай ауданының әкімі Жастар күнімен құттықтады

Бүгін / Тарбағатай

12 тамыз – Халықаралық жастар күні ретінде атап өтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Аудан басшысы Дархан Жөргекбаевтің сөзінше, Тарбағатай ауданының жастары білім мен спортта, өнер мен кәсіпте толайым табыстарға жетіп, аудан мақтанышына айналып отыр. 

- Сіздердің биік арман, нық қадамдарыңыз – ауданымыздың, еліміздің жарқын болашағының кепілі. Мағжан Жұмабаевтың “Мен жастарға сенемін” деген сенімі – бүгінгі сіздерге арналғандай. Себебі Сіздер – Тәуелсіз Қазақстанның ертеңін қалыптастыратын, жаңа идея мен серпін әкелетін, ұлт рухын асқақтататын буынсыздар. Әрдайым білім мен еңбекті серік етіп, өздеріңізді дамытып, туған жердің өркендеуіне үлес қоса беріңіздер. Жаңа белестер мен биік жетістіктер тілеймін! - деді аудан басшысы Дархан Шомпайұлы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив