A+ A A-

talgatzhan 23 11-08-2025, 10:30 0

Тарбағатай ауданында жол жөнделуде

Бүгін / Тарбағатай

Аудан әкімдігінің мәліметінше, “ИВЕГА” ЖШС Бозша ауылының кіреберісіндегі 3 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Аудан басшысы Дархан Шомпайұлы жұмыс барысымен танысып, бұл жобаның ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартып, көлік қатынасының қауіпсіздігі мен ыңғайлылығын арттыратын маңызды қадам екенін атап өтті. 

4 күннің ішінде мердігер компания 1,7 шақырым жолға жаңа асфальт төсеп үлгерді.

Сонымен қатар жуырда ауыл үшін стратегиялық нысан саналатын көпірде жөндеу жұмыстары басталмақ. Осылайша, Бозша ауылының инфрақұрылымы едәуір жаңарып, тұрғындардың қозғалыс мүмкіндігі арта түседі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив