Бүгін қазақ руханиятының шамшырағы, ғұлама ойшыл, кемеңгер ақын Ұлы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Абай – тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың ортақ қазынасы. Оның қалдырған мол мұрасы – ұрпақты ізгілікке, білімге, еңбекке, әділетке шақырған өшпес өнеге. Ақынның әрбір өлеңі, қара сөзі – адам бойындағы асыл қасиеттерді ұлықтап, кемшіліктерден арылуға бағытталған мәңгілік мұрат. Бүгінгі тәуелсіз еліміздің рухани өзегі, ұлттық кодымыздың алтын арқауы – Абайдың идеялары мен тағылымы. Бүгінгі ұрпақ кемеңгер ойшылдың шығармаларынан өмірлік сабақ алып, ұлтымыздың бірлігі мен берекесін арттыруға атсалысуы тиіс. Осы айтулы мерейлі күні баршаңызға рухани серпіліс, ізгілік пен ынтымақ тілеймін! Абайдың өнегесі әр жүректе жаңғырып, елдігіміздің мәңгілік темірқазығына айнала берсін, - деді аудан басшысы Дархан Жөргекбаев.
Пікірлер