Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаев әлеуметтік желіде ресми парақшада құрылыс саласының мамандары мен ардагерлерді кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Сіздердің маңдай терлеріңіз бен еңбектеріңіздің арқасында ауданымызда жаңа тұрғын үйлер бой көтеріп, әлеуметтік маңызы бар нысандар іске қосылуда. Мектептер мен балабақшалар, мәдениет үйлері мен спорт алаңдары – бәрі де сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің жемісі. Ауданымыздың инфрақұрылымын дамытуда, халықтың тұрмыс сапасын арттыруда сіздердің үлестеріңіз орасан зор. Әрбір қалаған кірпіш, әрбір тұрғызған ғимарат – болашаққа қалдырған асыл мұра. Еңбектеріңізге береке, отбасыларыңызға амандық, кәсіби жолдарыңызға толағай табыс тілеймін! Еліңіздің игілігі үшін атқарып жатқан жұмыстарыңыз жалғаса берсін! - деді аудан басшысы.
Пікірлер